Тіл дамыту кезеңдері
2-3 айда: уілдеу- «А», «Ы», «У» дыбыстарын дыбыстау, арасында «Г» дыбысымен бірге;
7-9 айда: бұлдырлау- бірдей буындарды айту «ма-ма-ма», «дя-дя-дя», «ба-ба-ба»;
9-11 айда: бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктей бастайды;
11-13 айда: алғашқы қайталанатын дыбыстар мен буындардан құралған мағыналы сөздер «мама», «папа», «ата» т.б деп айта бастайды;
2-3 жаста: алғашқы сөйлемдерін құрап, айта бастайды.
Бала тілінің дамуы кезеңдерінің нормасы осындай. Кез келген кезеңде нормадан ауытқушылық байқалса, маманның кеңесі керек. Егер де, қандай да бір ауытқушылықты байқасаңыз, оны қалт жібермеңіз.
Басқа ата-аналардың «Менің де баламда сондай болған, қазір жақсы сөйлеп кетті»,-деген кеңесіне құлақ аспаңыз.
Бала сөйлеуін-сөйлейді-ау, сұрақ оның қалай сөйлеуінде?
Ата-аналардың есінде болсын - «Тілдің қалыпптасып кеткен ақауларын» түзету әлдеқайда қиынырақ.
Баланың сөйлеу тілін саз деп елестетіп көріңіз. Ол ылғал күйінде иілгіш, кез - келген формаға июге икемді болып тұрады. Ал енді кепкен күйінде саздан бір нәрсе жасауға тырысып көріңіз. Нәтежиесі көңіл көншітерлік болмайтыны анық.
Тіл бұзылушылығының себептері
Тіл бұзылушылығының нақты себебін дәрігер, логопед, дефектолог мамандар анықтауы керек. Бұл жағдай тек логопедтің ғана емес, невропатолог, ортодонт, отоларинголог, психологтың да кеңестерін қажет етеді. Сонымен қатар, сіз өзіңіз де балаңызға туылған сәттен бастап мұқият болсаңыз, тілінің дамуының кешеуілдеу себебін анықтауыңызға болады.
Көңіл аударуға тұратын мүмкін себептерді атап өтсек:
- Жүктілік пен босану кезіндегі жағымсыз фактрлар;
- Педагогикалық қараусыз қалғандық - бала әртүрлі себептермен ересектердің өзіне деген көңіл аударуынан тыс қалуы. Есіңізде болсын, бұл жерде баламен күнделікті жұмыс жасау ғана емес, сонымен қатар отбасылы ішіндегі ақпарат алмасу мен әңгімелесудің болмауынан.
- Перинатальды энцефалопатия - жиі тараған диагноздардың бірі. Бұл босануға дейінгі және кейінгі кезеңдегімидың әртүрлі жағдайда пайда болған ақауларынан болады. Бұл диагноз бала бойындағы олқылық дегенді білдірмейді. Алайда, осындай балалар біліктілігі жоғары мамандарды қажет етеді.
- Жиі ауыру, инфекция мен 3 жасқа дейінгі алынған жарақаттар;
- Тұқымқуалаушылық факторлары;
- Саусақ пен анасының емшегін ұзақ сору;
- Есту мен көру қабілетінің төмендеуі;
- Анатомиялық ерекшеліктер мен жақ пен бет аппараттарының зақымдануы.
Логопед - Джумабаева М. М. кеңес беру