Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/pmpk-aktobe.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ақтөбе қаласы
 "Қалалық психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация"КММ жанындағы диагностикалық топтар

Қажет болған жағдайда мектеп жасындағы балаларға жалпы және арнайы білім беру ұйымдарында сынамалық оқыту жағдайында 3 - 12 ай ішінде; ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға - ПМПК - да құрылған диагностикалық топтарда диагностикалық зерделеу жүргізіледі. 
Диагностикалық топтардағы балаларға динамикалық зерделеу психологиялық педагогикалық жұмысбарысын да қажеттіқызметтерді көрсетуменжүзегеасырылады ( 111 тармақ).

Балаларды диагностикалық топқа кіргізу, болу мерзімін ұзарту немесе қысқарту, 3 айдан бір жылға дейінгі болу мерзімінің ұзақтығын көрсете отырып, ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады (112тармақ).

Тексеру нәтижелері бойынша ПМПК мамандары диагностикалық топтарда жеке дамыту бағдарламасын жасайды, оқыту формасы (жеке немесе топтық) мен апталық оқу - дамыту сабақтарының санын белгілейді (113 тармақ).

Жеке оқу - дамыту көмегін мамандар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне байланысты көрсетеді:
1) психолог;
2) арнайы педагог (дефектолог): олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог; мұғалім - логопед (логопед);
3) әлеуметтік педагог;
4) тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі;
5) дене шынықтыру мұғалімі (емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы) (114 тармақ).
Диагностикалық топтарда дамытушы диагностикалық оқыту күнтізбелік жыл бойы бір жастық немесе әр - түрлі жастық қағида бойынша жеке, кіші топтық және топтық формада ұйымдастырылады (115 тармақ).

Материал «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығының тармақшаларында берілген.
Диагностикалық топтар өз жұмыстарын күннің бірінші жартысында сағат 08:30 - дан 12:30 - ға дейін ғана жүзеге асырады.