Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
Кіру
AA+
Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
Ақтөбе қаласы "Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/pmpk-aktobe.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мүгедектікті анықтау.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі

"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес мүгедек-ағза функциялары тұрақты бұзылған, ауруларға, мертігулерге (жараларға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, ақауларына байланысты денсаулығының бұзылуы бар, оның тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оның қажеттілігіне әкеп соғатын адам әлеуметтік қорғау
Мүгедектікті, оның себептері мен мерзімдерін, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен реттелген.
Неден бастау керек?
Алдымен Сіз тұрғылықты жері/тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға – өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге немесе денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына жүгінуіңіз керек, ол қажетті диагностикалық және емдік іс-шаралардың көлемін, оның ішінде көрсетілімдер бойынша, стационарлық тексеру және емдеу бойынша анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулардың дәрежесін белгілейді.
Диагностикалық, емдік және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, дене функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде медициналық ұйымдар анатомиялық ақаулары бар және дене функцияларының елеулі немесе күрт айқын бұзылулары бар және оңалту әлеуеті жоқ емделмейтін науқастарды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жібереді.
Бұл ретте медициналық тексерудің толықтығын, көлемін және адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жіберудің негізділігін жіберген медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (ДКК) төрағасы қамтамасыз етеді.
МӘС-ті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (МӘС бөлімдері) жүргізеді.
МӘС бөлімдерінің мамандары куәландырылатын адамды қарау, ағза функцияларының бұзылу дәрежесін бағалау және тыныс-тіршілігін шектеу, оның ішінде еңбекке қабілеттілігін бағалау және ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректер) қарау негізінде алқалы түрде сараптамалық қорытынды шығарады.
 МӘС тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі, бірақ кейбір жағдайларда ДКК қорытындысы бойынша үйде, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында немесе сырттай емделіп жатқан жерде жүргізілуі мүмкін.

Дайындаған: әлеуметтік педагог Сегізбаева Т. А.